Ережелер мен шарттар

Algorithm and Code Training School (ACTS) x Kazakhstan Competitive Programming Federation (CPFED) Onsite Camp 2026

1. КІРІСПЕ

Осы Қатысу шарттары («Шарттар») сіздің, яғни қатысушының («Қатысушы», «сіз») және ұйымдастырушы болып табылатын Спорттық бағдарламалау федерациясының («Ұйымдастырушы») арасындағы Астана қаласындағы (Қазақстан) Algorithm and Code Training School (ACTS) оқу-жаттығу жиындарына («Іс-шара») қатысу бойынша келісім болып табылады. Іс-шара спорттық бағдарламалауда жетістіктерге жетуге ұмтылатын мектеп оқушыларына арналған және екі ағымға бөлінеді:

  • Early Talent cohort: іс-шара басталған күні бітіруші сынып оқушысы болып табылмайтын, 14 жастан асқан және 19 жасқа толмаған мектеп оқушыларына арналған.
  • IOI national teams cohort: 2026 жылғы Халықаралық информатика олимпиадасында (IOI) өз елдерінің намысын қорғау үшін іріктеліп алынған 14 жастан асқан және 20 жасқа толмаған мектеп оқушыларына арналған.

Іс-шараға тіркелу арқылы сіз осы Шарттармен келісесіз.

Ұйымдастырушы

  • «Спорттық бағдарламалау федерациясы» (CPFED), Мәңгілік Ел даңғылы, 55/7, 3.5 блок, Астана қ., Қазақстан.

2. ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ

Early Talent cohort

  • Іс-шара 14 жастан асқан және 19 жасқа толмаған, бітіруші сынып оқушысы болып табылмайтын және спорттық бағдарламалауда дағдыларын көрсететін мектеп оқушыларына арналған.
  • Қатысушылар Қазақстан Республикасының азаматтары немесе резиденттері болуы және Қазақстан Республикасының аумағындағы мектепте оқуы тиіс.

IOI National Teams cohort

  • Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанның 14 жастан асқан және 19 жасқа дейін мектеп оқушыларына арналған.
  • Қатысушылар IOI 2026 олимпиадасында өз елдерінің намысын қорғау үшін ұлттық іріктеу процесі арқылы іріктелуі тиіс.

3. ТІРКЕЛУ ЖӘНЕ ҚАТЫСУ

Тіркелу кезінде келесі мәліметтерді көрсету қажет:

  • Аты
  • Тегі
  • Электрондық пошта мекенжайы
  • Codeforces платформасындағы логин (handle)
  • Мектепті бітіру жылы
  • Елі
  • Жасы
  • Іс-шара туралы қайдан білдіңіз?
  • JetBrains Foundation қорының толық стипендиясымен Constructor University Bremen университетіне түсуді қарастырасыз ба?
  • JetBrains Foundation қорының толық стипендиясымен Neapolis University Pafos университетіне түсуді қарастырасыз ба?

Сондай-ақ, Ұйымдастырушының, JetBrains s.r.o., Neapolis University Pafos және Constructor University Bremen gGmbH жаңалықтар таратылымына жазылу мүмкіндігі беріледі.

4. ІРІКТЕУ ПРОЦЕСІ

IOI ұлттық құрамаларының ағымы үшін шақырулар таңдалған қатысушыларға тікелей жіберіледі.

«Early Talent» ағымына іріктеу екі кезеңнен тұрады:

  • Іріктеу контесті (30%): бағдарламалау және есептерді шешу дағдыларын бағалау.
  • Жеке профильді бағалау (70%): 2026 жылғы Республикалық информатика олимпиадасына қатысу нәтижелері.

Іріктеуді сәтті өткен қатысушылар электрондық пошта арқылы хабарлама алады. Ұйымдастырушы қатысушылардың профилін жиынтық бағалауы негізінде іріктеу құқығын өзіне қалдырады және оның шешімі түпкілікті болып табылады.

5. ТӘРТІПБҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ КӨШІРУГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ

Қатысушылар адал бәсекелестік және сыйластықпен әрекет ету қағидаттарын сақтауға міндетті:

  • Барлық сабақтар мен белсенділіктерге міндетті түрде қатысу
  • Кез келген деструктивті немесе сыйламаушылық мінез-құлыққа жол берілмейді

Қатаң тыйым салынады: көшіру, плагиат, жасанды интеллект құралдарын пайдалану және басқа да кез келген әділетсіз мінез-құлық түрлері — қабылдау конкурсы кезінде де, оқу-жаттығу іс-шаралары барысында да және оған байланысты платформаларда да (соның ішінде Codeforces).

  • Конкурстардан немесе іс-шаралардан шеттетілу (дисквалификация);
  • Оқу-жаттығу жиындарына қатысуға шақырудың дереу күшін жою;
  • ACTS-тің болашақ іс-шараларына қатысуға біржолата (перманентті) тыйым салу.

6. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕР

Тіркелу кезінде жиналған дербес деректер тек Іс-шараны ұйымдастыру, қатысушыларды ақпараттандыру, сондай-ақ келісім болған жағдайда Ұйымдастырушы, JetBrains s.r.o., Constructor University Bremen және Neapolis University Pafos атынан жаңалықтар тарату мақсатында ғана пайдаланылады. Қатысушылар деректерді өңдеуге келіседі және келісімді Ұйымдастырушы немесе жазылымнан бас тарту сілтемесі арқылы басқара алады. Өңдеу Ұйымдастырушы мен JetBrains-тің құпиялылық саясатына сәйкес жүзеге асырылады.

7. ЭКСПОРТТЫҚ БАҚЫЛАУ

Қатысушылар санкциялар, экспорттық бақылау және сауда шектеулері саласындағы барлық қолданыстағы заңдарды, соның ішінде ЕО және АҚШ нормаларын сақтауға міндетті. Қатысушылар санкцияларға ілінген тұлғалар болып табылмайтынын және олардың мүддесі үшін әрекет етпейтінін растайды.

Ұйымдастырушылар экспорттық бақылауға немесе санкцияларға ілінген аумақтарда тұратын немесе орналасқан қатысушыларды қабылдамайды.

Ондай аумақтарға мыналар жатады:

  • ХДРК (Солтүстік Корея)
  • Иран
  • Куба
  • Сирия
  • Ресей Федерациясы
  • Беларусь
  • Қырым
  • ДХР және ЛХР (Донецк және Луганск) деп аталатын аумақтар
  • Украинаның басқа да аннексияланған аумақтары (Херсон және Запорожье облыстары)

8. ЖАУАПКЕРШІЛІК

Ұйымдастырушы қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Сонымен қатар, Ұйымдастырушының әдейі жасаған немесе өрескел салғырттығы жағдайларын қоспағанда, Ұйымдастырушы Іс-шараны өткізу кезінде қатысушылардың мүлкіне келген нұқсанға, жарақаттануына немесе мүлкінің жоғалуына жауапты болмайды.

9. ФОТО ЖӘНЕ БЕЙНЕТҮСІРІЛІМГЕ КЕЛІСІМ БЕРУ

Қатысушылар жарнамалық және құжаттық мақсаттар үшін фото және бейнетүсірілімге келісім береді. Келіспеген жағдайда Ұйымдастырушыға электрондық пошта арқылы хабарлау қажет.

10. ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ БОЛДЫРМАУ

Ұйымдастырушы мыналарға құқылы:

  • Форматты, кестені және ережелерді өзгерту
  • Алдын ала ескертусіз Іс-шараны болдырмау

Айтарлықтай өзгерістер туралы қатысушыларға электрондық пошта арқылы хабарланады.

11. ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ

Осы Шарттар Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

12. ШАРТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ

Іс-шараға тіркелу арқылы қатысушылар осы Шарттармен танысқанын, оларды түсінгенін және олармен келісетінін растайды.

13. БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Іс-шара немесе осы Шарттарға қатысты кез келген сұрақтар немесе өтініштер бойынша қатысушылар Ұйымдастырушыға admin@cpfed.kz мекенжайы арқылы хабарласа алады.