Чемпионаттар мен турнирлер - жеңууақыты!
Сені бағдарламалау шеберлігіңді көрсете алатын қызықты турнирлер күтеді.Чемпионаттарға қатыс, уақыт кестесін біл және тіркел, сонда үздік болу мүмкіндігіңізді жіберіп алмайсыз!
CPFED
Documentolog
Kaspi.kzБас серіктес
Astana Hub
Freedom
Yandex Qazaqstan
Revolut компаниясы ICPC Kazakhstan Regional Contest және ICPC Northern Eurasia Finals 2026 жарыстарына демеуші ретінде қайта оралды!

Қазақстан спорттық бағдарламалау федерациясы Revolut компаниясының ICPC Kazakhstan Regional Contest және ICPC Northern Eurasia Finals 2026 жарыстарына демеушілік жасайтынына қуанышты — компания спорттық бағдарламалауды және инженерия саласындағы дарынды жастардың жаңа буынын қолдауды жалғастырады.

Revolut — әлем бойынша 80 миллионнан астам клиент қаржысын тиімді басқару үшін сенім артатын жетекші халықаралық финтех-компания. 2015 жылы құрылған компанияда жоғары білікті инженерлер, деректер ғылымы мамандары мен аналитиктер бірлесе жұмыс істейді. Олар инновациялық қаржы өнімдерін әзірлеп, ауқымды әрі күрделі техникалық міндеттерді шешеді.

Тағылымдамалар мен Graduate бағдарламалары

Revolut компаниясының тағылымдамалар мен Graduate бағдарламалары дарынды жастарға нақты инженерлік міндеттерді шешіп, халықаралық мансап құруға мүмкіндік береді. Бағдарлама талаптарына сай келетін үміткерлерге шетелге көшуге қолдау көрсетіледі, ал STEM жарыстарында жетістікке жеткендерге жұмысқа қабылдау үдерісінен жеделдетілген тәртіппен өту мүмкіндігі қарастырылған.

Спорттық бағдарламалау қауымдастығын қолдау

ICPC Kazakhstan Regional Contest және ICPC Northern Eurasia Finals жарыстарына демеушілік жасау арқылы Revolut спорттық бағдарламалау қауымдастығына тән есеп шығару қабілетін, алгоритмдік ойлау мен жоғары техникалық шеберлікті қолдауды жалғастырады.

Revolut-тағы мансаптық мүмкіндіктер туралы толығырақ біліп, кәсіби дамуыңызға жаңа қадам жасаңыз

Демеуші: Revolut
Жарыстар: ICPC Kazakhstan Regional Contest және ICPC Northern Eurasia Finals 2026

10.11.2026
KCPC чемпионатының бірінші іріктеу кезеңіне тіркелу ашық!

Қазақстан Республикасының спорттық бағдарламалау чемпионатының (KCPC) бірінші іріктеу кезеңіне тіркелу ашық!

Бірінші іріктеу кезеңі 27 желтоқсанда онлайн өтеді!

📅 27 желтоқсан
🕛 12:00
💻 Формат: онлайн

Сынақ туры 26 желтоқсанда өтеді.

Бірінші іріктеу кезеңіне қатысып, спорттық бағдарламалауда өз күшіңізді сынап көріңіз!

27 желтоқсан · 12:00 — жарыста кездескенше! 🚀

Тіркелу

06.11.2026
AlgoBatyr 2026 Winners!

AlgoBatyr 2026 жеңімпаздары! 🏆

2–3 қазанда Астанада AI MONTH аясындағы айдың басты іс-шарасы — AI & Digital Bridge 2026 форумы өтті. Форум барысында жасанды интеллект көмегімен алгоритмдік есептерді шешуге арналған AlgoBatyr чемпионаты ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылары: Қазақстан спорттық бағдарламалау федерациясы және Astana Hub.

💰 Чемпионаттың жүлде қоры 1 000 000 теңгені құрады.

AlgoBatyr 2026 жеңімпаздары:

🥇 1-орын, 500 000 теңге — Расул Айсаев, Maqsut Narikbayev University
🥈 2-орын, 300 000 теңге — Алишер Бейсембеков, «DAMQOR» ЖШС
🥉 3-орын, 200 000 теңге — Nurbakhyt Sembay, Magnum E-Commerce

🏆 AlgoBatyr Cup корпоративтік кубогының иегері — Maqsut Narikbayev University

«Жалпы, сіздердің біліктілігіңіз бен жетістіктеріңіз — тек өздеріңіздің ғана емес, бүкіл Қазақстанның абыройы мен мақтанышы. Өйткені спорттық бағдарламалауды дамыту болсын, жасанды интеллект саласын ілгерілету болсын — мұның бәрі тек жекелеген ұйымдарға емес, әрбір қазақстандықтың белсенді қатысуына байланысты.

Сондықтан сіздердің осындай жарыстарға қатысуларыңыздың өзі үлкен мәртебе әрі зор үлес. Сіздерге белсенділіктеріңіз бен талпыныстарыңыз үшін үлкен алғыс білдіремін.», — деп атап өтті Қазақстанның спорттық бағдарламалау федерациясының басшысы Бағдат Мусин.

Компаниялар үшін мұндай жарысқа қатысу — қызметкерлердің есептерді шешу кезінде жасанды интеллектті қалай қолданатынын бағалау және команда ішінде қандай дағдыларды дамыту қажет екенін анықтау мүмкіндігі. Есептің шартын нақты қою, модельдің жауабын сыни тұрғыдан бағалау және ресурстарды үнемді пайдалану әзірлеушілердің күнделікті жұмысында да практикалық маңызға ие.

AlgoBatyr жарыс форматы мен заманауи әзірлеу құралдарын біріктіріп, маманның жасанды интеллектке дұрыс бағыт беру және алынған нәтижені бағалау қабілетін басты назарға шығарды.

Барлық қатысушыларға мықты ойын үшін рақмет! Жаңа жеңістер тілейміз 🚀

06.10.2026

Спорттық бағдарламалау бойынша Қазақстандағы алғашқы платформа

Онлайн оқыту платформасы

Сұрауларға негізделген білім базасы

Жекелендірілген платформа

Жиі қойылатын сұрақтар