Федерация мақсаты

«Спорттық бағдарламалау федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Багдат Батырбекович Мусиннің қолдауымен Digital Nomads Kazakhstan IT қоғамдастығының өкілдерімен және еліміздің спорттық бағдарламалау саласындағы жетекші мамандарымен бірлесіп құрылды.

Біздің басты мақсатымыз – халық арасында спорттық бағдарламалауды (бұдан әрі – СБ) насихаттау және дамыту, сондай-ақ олимпиадалардағы спортшыларымыздың жарыстардағы нәтижелерін жақсарту болып табылады.

Федерацияның негізгі жобалары:


  • Қазақстанда СБ дамыту бағдарламасын әзірлеу және іске асыру

  • білім беру мекемелерінде экожүйені дамыту

  • оқу-жаттықтыру жиындарын ұйымдастыру

  • қазақ тілінде спорттық бағдарламалау бойынша материалдар әзірлеу

  • аймақтарда СБ дамуына ықпал ететін филиалдар және/немесе өкілдіктер ашу

  • спорттық бағдарламалау тапсырмаларын әзірлеушілерді дамыту және ұлғайту


  • slide
  • slide
  • slide

Өткізетін турнирлер:

Спорттық бағдарламалау федерациясы


  • Спорттық бағдарламалаудан Қазақстан Республикасының чемпионаты

  • ICPC іріктеу кезеңдері

  • 2024 жылы Астанада ICPC спорттық бағдарламалау бойынша әлем чемпионатының финалы

  • Информатикадан мектепішілік және студенттік олимпиадалар

  • «Yzdik IT Ustaz» информатика мұғалімдері арасындағы турнир

  • Федерация платформасындағы онлайн жарыстар


Федерация іс-шаралары

Сондай-ақ біз балалар мен жасөспірімдер арасында бос уақытты белсенді өткізу құралы ретінде спорттық бағдарламалауды насихаттау мақсатында түрлі іс-шаралар өткіземіз, бұл өз кезегінде жастардың интеллектуалды спортқа деген қызығушылығын және жаңа технологиялардың жылдам өзгеретін әлемінде жас мамандардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті ұшқыр ойлау, шығармашылық бастамашылық, икемділік пен ұтқырлық сияқты дағдыларды дамытуға ықпал етеді.