Жоба мәліметтері

International Collegiate Programming Contest (ICPC) – әлемдегі ең ірі және беделді спорттық бағдарламалау чемпионаты. Байқау 1977 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Көп сатылы іріктеуден өткен командалар чемпионаттың финалына – алдымен өз университетінде, кейін аймақтық кезеңдерде өтеді.


ICPC – әлемнің 110 еліндегі ең мықты жоғары оқу орындарын біріктіретін ең ірі студенттік командалық бағдарламалау олимпиадасы. ICPC жарысына Стэнфорд университеті, Гарвард университеті, Калифорния технологиялық институты, Массачусетс технологиялық институты, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Варшава университеті, Ватерлоо университеті және басқа да көптеген атақты университеттер қатысады.nnICPC жарысы жыл сайын Олимпиада ойындарына қатысатын спортшылар санынан да асып түсетін қатысушылардың ауқымды санын тартады. Мысалы, 2017 жылы ICPC жарысына 103 елден 46 381 адам қатысса, Рио-де-Жанейрода өткен жазғы Олимпиада ойындарының барлық кезеңдеріне 11 544 спортшы қатысты.


2023-2024 жылы Солтүстік Еуразияның финалдық жарыстары 12-13 желтоқсан аралығында өтеді!

Жарыс бағдарламасы:

  • 🗓️ Жұмыс кестесі: кейінірек хабарланады

  • Сейсенбі, 12 желтоқсан, 2023 жыл

  • TBA | Регистрация | Lobby

  • TBA | Ашылу салтанаты | Main Hall

  • TBA | Бірінші тур | Main Hall

  • Сәрсенбі, 13 желтоқсан, 2023 жыл

  • TBA | Northern Eurasia Finals | Main hall

  • TBA | Awards Ceremony for Northern Eurasia Finals | Main hall

  • TBA | Celebration | Main hall


Қазақстандағы ICPC ширек чемпионатты өткізудегі маңызды кезең болып табылады, ол спорттық бағдарламалауды дамытуға, талантты студенттерді анықтауға және елді халықаралық аренада одан әрі таныту үшін мықты командаларды қалыптастыруға көмектеседі.n


Ұйымдастырушылар мен серіктестер:


Орналастыру бойынша ұсыныстар

Мұнда сіз ұсынылған қонақ үйлер, орналастыру бойынша ресми серіктестер туралы ақпаратты және тұруды таңдау және брондау бойынша кеңестерді таба аласыз. Сондай-ақ бөлімде көліктің қолжетімділігі және жарыс өтетін жерге жақындығы бойынша ұсыныстар бар, бұл қатысушыларға барынша жайлылық пен қолайлылықты қамтамасыз етеді.


Өткізу жері

Астанада барлық іс-шараларды Астана IT университеті Мәңгілік Ел даңғылы, 55/11 мекен-жайында өткізеді.
ЭКСПО бизнес орталығы,
С1 блогы
Астана, Қазақстан,
010000

Университеттің орналасқан жеріне сілтеме