• slide
  • slide
  • slide

Біз "Youtube платформасында спорттық бағдарламалау туралы қазақ тілді контентті кеңейту мақсатындағы байқауын” жариялаймыз!

Байқаудың мақсаты: қазақ тілінде спорттық бағдарламалау туралы білімді белсенді түрде тарату және барынша кең аудиторияны тарту.

Байқау 17-қарашадан бастап, 2024 жылғы 29-ақпанға дейін жалғасады.

Байқауға қатысу үшін YouTube арнасына байқаудың бір бағыты бойынша қазақ тілінде кемінде үш бейнені жүктеу қажет:

- Codeforces тапсырмаларын/есептерін талдау #cpfed_eseptaldau
- Алгоритмдік тақырыптар туралы бейнеролик #cpfed_algotaldau

Екі номинация бойынша үздік қатысушыларға ақшалай сыйлықтар беріледі. Әр номинацияның жүлде қоры 500 000 теңгені құрайды!

Бейнені жіберуге арналған формаға сілтеме https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScjEYdMeojcesh1ISeV0xOP_Uu9RM4H2Ai7t9QXGom2y0t9GQ/viewform?usp=sf_link

Қатысушылар мен қызығушылық танытқан тұлғалар admin@cpfed.kz электрондық поштасы арқылы хабарласа алады.

Барлығына сәттілік тілейміз!