




🏆Биыл «IMPACT Olympiad» Қазақстан, Грузия, Қырғызстан және Моңғолиядан 72 информатика мұғалімі мен 9 спорттық программалау жаттықтырушысын біріктірді. Олимпиаданың мақсаты – қатысушылардың кәсіби әлеуетін дамыту, өсуге жаңа мүмкіндіктер жасау және болашаққа шабыт беру.
⠀
Іс-шара ұйымдастырушылары ретінде Спорттық программалау федерациясы, РФММ, РМПЦ «Дарын» және ҚР Оқу-ағарту министрлігі болып табылады.
⠀
Олимпиада IOI форматында өтті, бұл қатысушыларға өз шәкірттері қатысатын халықаралық олимпиадалардың атмосферасын сезінуге мүмкіндік берді.
⠀
📌Жеңімпаздардың тізімі суреттерде жарияланған. Жаңалықтарды қадағалап, алдағы қызықты шаралардан хабардар болыңыз!