Slide

CPFED CodeGirls
чемпионаты

CPFED CodeGirls — қыздарға арналған спорттық бағдарламалаудан жарыс.

Тіркелу
  • slide

Чемпионат жайлы

CPFED CodeGirls — қыздарға арналған спорттық бағдарламалаудан жарыс.
Демографиялық және гендерлік әртүрлілікті дамыту Федерацияның басты мақсаттарының бірі болып табылады. Сондай-ақ, қыздарға арналған Еуропалық олимпиадаға және басқа да олимпиадаларға қатысу үшін біз қыздар арасында Қазақстан құрамасын дайындау мен сапалы іріктеу өткізуді мақсат етіп қоямыз. Мақсатымызға жету үшін біз қыздарға арналған Чемпионат өткіземіз, оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген оқушылар қатыса алады.

Чемпионат ережелері

Чемпионаттың басты мақсаттары: 1)IT саласындағы гендерлік теңдікті қолдау. 2)Олимпиадалық информатикадан Қазақстан құрамасын сапалы түрде таңдап даярлау. 3)Қыздарға IT саласындағы мансаптың көптеген мүмкүндіктерін көрсету.

Спорттық бағдарламалау Федерациясы

Ұйымдастырушылар мен серіктестер


  • slide
  • slide

Eрежелері мен форматы

Қатысу


Қыздар арасында спорттық бағдарламалауды дамыта отырып, біз гендерлік стереотиптерді жоюға және барлығына тең мүмкіндіктер беруге тырысамыз. Технологиялық қауымдастықтағы әртүрлілік әртүрлі идеялар мен инновацияларға әкеледі.

2024 жылғы Чемпионат 2 кезеңнен тұрады:

  • Онлайн іріктеу кезеңі - 1 маусым 2024 жыл

  • Бетпе-бет қорытынды кезең - 2024 жылғы 14-15 маусым


Іріктеу кезеңінің нәтижелері бойынша үздік нәтижелермен 40 қатысушыға дейін Қорытынды кезеңге өтеді. Қорытынды кезеңнің жүлдегерлері дипломдармен марапатталады. Жүлдегерлердің санын қорытынды кезеңнің нәтижелері бойынша қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитеті анықтайды. Чемпионаттың ресми серіктесі - Astana Hub Халықаралық IT-стартаптар технопаркі!

Спорттық бағдарламалау Федерациясы

Үздік төрт қатысушы Қазақстан құрамасының құрамына кіреді және біздің еліміздің атынан European Girls Olympiad in Informatics (EGOI) - қа қатысады. Қазақстан құрамасының EGOI - ға қатысуының демеушісі - Freedom Holding Corp. Қыздардың компьютер ғылымдарымен айналысуы жаңа тәсілдер, шешімдер мен технологияларды дамытуға ықпал етуі мүмкін. Технологияны үйрену қыздарға өз қабілеттеріне деген сенімділікті арттыруға және өз мүмкіндіктерін кеңейтуге көмектеседі.

Көбірек ақпарат жоғарыда чемпионат ережелері деген бөлімде.