AITU – 'Sorry, who are you?' (Baibolov, Muzhikov, Issayev) командасы 2024 жылдың желтоқсанында Солтүстік Еуразия финалында сәтті іріктеуден өтіп, финалға жолдама алды. Енді оларға IITU – '1 Natural Intelligence' (Altynbekov, Shormankhan, Popov) командасы қосылды, олар «wildcard» иеленіп, әлемнің ең мықты бағдарламашыларымен бақ сынауға мүмкіндік алды!

ICPC World Finals 2025-те Солтүстік Еуразия аймағынан 18 команда қатысады, олардың ішінде Қазақстаннан 2 команда бақ сынайды!

Бұл — Қазақстанның спорттық бағдарламалау саласындағы маңызды жетістік! Екі командаға да құтты болсын айтып, табысты дайындық, сенімді өнер көрсету және зор жеңістер тілейміз!