
1 - 8 қыркүйек аралығында Египеттің Александрия қаласында өтетін IOI 2024 информатика бойынша 36 Халықаралық олимпиада басталды!
IOI – мектеп оқушылары арасындағы спорттық бағдарламалау бойынша жетекші халықаралық жарыстардың бірі. Биыл 85 астам елден командалар қатысуда.
⠀
Қазақстан құрамасы:⠀
• Цой Максим, РФММ, Алматы, 10 сынып
• Иса Ахмет, БИЛ, Қызылорда, 10 сынып
• Серазитдинов Назар, Haileybury, Алматы, 12 сынып
• Таймас Мансур, БИЛ, Атырау, 11 сынып
⠀
Қазақстан құрамасының IOI қатысуын Білім Министрлігі мен "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды.⠀
Біздің командаға сәттілік тілейміз!