16-22 тамыз аралығында Молдованың Кишинев қаласында информатикадан Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасы (EJOI) 2024 өтеді, бұл халықаралық жарысқа әртүрлі елдердің мектеп оқушылары қатысады. Қазақстан құрамасы «Дарын» РҒПО қолдауымен Олимпиадада еліміздің намысын қорғайды.

Команда құрамында:

- Мамадахунов Мансур, БИЛ Қызылорда, 9 сынып
- Анри Жан, РФМШ Алматы, 9 сынып
- Исмағзи Исатай, БИЛ Талдықорған, 9 сынып
- Нұрғазин Арнұр, НЗМ Семей, 9 сынып

Команда жетекшілері Темірлан Сатылханов пен Альтаир Ашуров. Біз қатысушыларымызды мақтан тұтамыз және оларға халықаралық аренада табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!