EJOI 2024 информатикадан Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасы аяқталды, оған 50 елден 200 жуық оқушы қатысты. Қазақстан құрамасы төрт медаль жеңіп алып, тамаша нәтижеге қол жеткізді:

- Мансур Мамадахунов, Қызылорда облыстық №9 С.Шаухаманов атындағы дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы.
- Жан Анри, Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 9 сынып оқушысы.
- Исатай Исмағзи, Талдықорған қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 9 сынып оқушысы.
- Арнұр Нұрғазин, Семей қаласындағы НЗМ ФМБ 8 сынып оқушысы.

Біздің талантты қатысушыларымызды тамаша нәтижелерімен және лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Бұл жетістіктер олардың табандылығы мен жаттықтырушыларының кәсіби шеберлігінің арқасында мүмкін болды. Біз сіздердің жетістіктеріңізбен мақтанамыз және алда жаңа жеңістер күтіп тұрғанына сенеміз!