2025 жылы Спорттық бағдарламалау федерациясы мен Documentolog IT-компаниясы бірлесіп, спорттық бағдарламалау бойынша жарыстар сериясын өткізеді.

Бұл келісім еліміздегі спорттық бағдарламалауды дамыту жолындағы маңызды қадам болып табылады. Documentolog компаниясы федерацияның бұл бағытты жастар арасында насихаттау мен дамытуға бағытталған жобаларын қолдайды.

Спорттық бағдарламалау – бұл IT, білім, ғылым және спорттың бірегей үйлесімі. Ол алгоритмдік ойлау мен стандарттан тыс мәселелерді бағдарламалау тілдерін қолдана отырып, шешу дағдыларын дамытады.

Федерация президенті Бағдат Мусин жастарды спорттық бағдарламалауға тартудың маңыздылығын атап өтті:

"Бұл – болашақ IT мамандарының негізгі дағдылары қалыптасатын сала. Мұндай жарыстар неғұрлым көп өткізілсе, соғұрлым таланттарды анықтау мен қолдау алаңдары көбейеді", – деді ол.

2025 жылы өтетін жарыстар:

• DOCUMENTOLOG X CPFED SCHOOL OLYMP – мектеп оқушыларына арналған спорттық бағдарламалау олимпиадасы, екі дивизионда өткізіледі (мамандандырылған мектептер және жалпы білім беру мектептері үшін).
Жарыс екі кезеңнен тұрады: онлайн іріктеу кезеңі және қорытынды бетпе-бет кезеңі Астана қаласында өтеді.
Жарыстың жалпы жүлде қоры 3 миллион теңгені құрайды.

• Documentolog Contest – барлығына қолжетімді рейтингтік онлайн-турнир.
Студенттер үшін офлайн алаңдар ұйымдастырылады, бұл қосымша дағдыларды жетілдіруге және жарыс тәжірибесін алуға мүмкіндік береді.
Жарыстың қорытындысы бойынша үздік студенттер Documentolog компаниясынан жылдық стипендия алады.

Екі іс-шара әртүрлі өңірлер мен білім беру мекемелерінен қатысушыларды қамтиды, оларға спорттық бағдарламалау саласында тәжірибе алуға және тиісті білім беру материалдарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

"Жетекші IT-компания ретінде біз студенттерге IT-индустрия ашатын перспективаларды түсінуге көмектесуге мүдделіміз. Маңызды элемент федерация енгізген рейтингтік жүйе болып табылады, ол студенттерге өз жетістіктерін көруге және үздік нәтижелерге ұмтылуға мүмкіндік береді", – деп Documentolog компаниясының бас директоры Байжан Канафин атап өтті.

Жарыстарға тіркелу 2025 жылдың ақпан айының соңында Спорттық бағдарламалау федерациясының ресми сайтында басталады.