
UCUP — алгоритмдік бағдарламалау бойынша беделді әлемдік сайыс, оны ең күрделі алаңдардың бірі деп санайды. 2025 жылы финал 19-24 ақпан аралығында Қытайдың Дунгуань қаласында, Huawei қолдауымен өтеді.
UCUP жыл сайын мыңдаған қатысушыларды тартады, бірақ тек ең мықтылары ғана шешуші кезеңге шығады.
Финалда спорттық бағдарламалаудың нағыз аңыздары жиналған: Gennady Korotkevich, Andrew He, Kevin Sun және басқа да топ бағдарламашылар.
Әлемдік деңгейдегі алыптар арасында Қазақстандық — Батыр Сардарбеков ерекшеленеді. Ол команда мүшелері Yahor Dubovik пен Sergei Zolotarev-пен бірге қатаң іріктеу турларынан өтіп, тұрақты жоғары рейтинг көрсетіп, енді финалда өнер көрсетуде.
Батырды бірге қолдайық! CPFED командасы Батырға және оның командасына финалда сәттілік тілейді. Жаңалықтарды бақылап, жерлесімізге қолдау көрсетіңіздер!