10 ақпанда алғашқы рейтингілік Div-2 кезеңі онлайн форматта өтеді. Алайда Астана мен Қарағанды студенттері үшін ерекше мүмкіндік қарастырылған – олар бұл жарысты DataArt және Terricon Valley арнайы алаңдарында офлайн форматта тапсыра алады!
⠀
Неліктен бұл маңызды?
⠀
• Бұл сол Div-2 кезеңі, бірақ бетпе-бет қатысу мүмкіндігімен өтеді.
• Астана мен Қарағанды қалаларында үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар DataArt компаниясынан арнайы сыйлықтарға ие болады: резюме сараптау және Java/Data Engineer/.NET бағыты бойынша техникалық сұхбат мүмкіндігі.
⠀
Іс-шара бағдарламасы:
🔹 18:45 - 19:00 – қатысушыларды тіркеу және қабылдау;
🔹 19:00 - 19:30 – серіктестеріміздің ақпараттық сессиясы;
🔹 19:30 - 21:30 – жарыс4
🔹 21:30 - 22:30 – кофе-брейк және нетворкинг.
⠀
Өтетін орындар:
• Астана – Abu Dhabi Plaza, Сығанақ көшесі 60/2, 12-қабат, 4-кеңсе
• Қарағанды – Terricon Valley, коворкинг, Алалыкин көшесі, 12
⠀
Орындар саны шектеулі! Тіркелу сілтеме бойынша.
Қатысуға дайынсыз ба? Онда тіркеліп, жарысқа қосылыңыз!