Қазақстан құрамасы EGOI 2024 информатика бойынша қыздарға арналған Еуропалық олимпиадаға қатысу үшін Нидерландыға аттанатынын мақтанышпен хабарлаймыз. Биылғы жылы елімізді ұсынады:

🔹 Исхакова Даяна, 11 сынып, РФМШ, Алматы
🔹 Бақытжан Әсемай, 10 сынып, Қызылорда облысы, №10 «Білім-Инновация» лицейі
🔹 Нұрхаят Талғатқызы, 10 сынып, Ақтөбе облысы, «Кемел білім» мектеп-интернаты
🔹 Бауыржанқызы Жаннұр, 9 сынып, Қызылорда облысы, №10 «Білім-Инновация» лицейі

Біз бас серіктесіміз Freedom Holding Corp. жас таланттарды қолдағаны үшін ерекше алғысымызды білдіреміз.

Қатысушыларымызға жарыста сәттілік және жақсы нәтижелер тілейміз!