Жалпы орта білім беретін мектептердің, мамандандырылған мектептерді
қоспағанда 9-11 сынып оқушылары үшін қазақ тіліндегі информатика және спорттық бағдарламалау бойынша олимпиадаға дайындық бағдарламасы іске қосылғанын хабарлауға қуаныштымыз!

Осы жоба аясында ауыл мектептері мен шағын қалалардағы оқушыларды өз таланттарын көрсету мақсатында біз тегін оқу бағдарламасын ұсынамыз. Жарыстардағы нәтижелерін жақсартуға, тәжірибе алмасу және басқа оқушылармен қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерін кеңейтуге шақырамыз.

Жоба басында Атырау және Жамбыл облыстарында 19 ақпанда бастау жоспарлануда. Бұл аймақтардағы студенттерді оқытуға тіркелу ашық, сілтеме: https://qtap.kz/cpfed.kz. Жоба Қазақстан Республикасының басқа аймақтарында да іске қосылады.

Бізге қосылыңыздар!