2024 жылғы 15 мен 20 қыркүйек аралығында Астанадағы EXPO Халықаралық көрме орталығының аумағында спорттық бағдарламалаудан әлем чемпионаты - 2024 ICPC World Finals 2024 өтеді. Елордаға әлемнің түкпір-түкпірінен 142 команда жиналып, ғаламшардағы беделді жоғарғы оқу орындарының болашағынан үміт күттіретін IT-таланттары арасында әлемдік Олимпиада чемпионы атағына таласады. Қазақстан атынан 5 команда қатысады.
Іс-шаралар бағдарламасы:
15 қыркүйек – Қатысушыларды жинау және тіркеу
16 қыркүйек, 16:30 – Салтанатты ашылу, ҚР Президенттік орталығы
17 қыркүйек – JetBrains ұсынған ICPC Tech Trek, Huawei ұсынған ICPC Challenge
18 қыркүйек, 11:00-13:00 – ICPC қорытынды репетициясы
19 қыркүйек, 11:00 – 16:00 – ICPC финалы, Конгресс орталығы
19 қыркүйек, 14:00 – Чемпионат ұйымдастырушыларының қатысуымен өтетін баспасөз конференциясы
19 қыркүйек, 16:30 - 18:30 – Марапаттау рәсімі, Конгресс орталығы
20 қыркүйек – Қатысушылардың жолға шығатын күні
ICPC World Finals 2024 аккредитациясын өту үшін тақырыбын Accreditation ICPC деп белгілеп, толық аты-жөніңізді, жарияланымыңызды, лауазымыңызды, байланыс ақпаратыңызды (WhatsApp телефон нөмірі, e-mail) көрсете отырып, WFPress2024@icpc.global электрондық пошта мекенжайына өтінім жіберуіңіз керек. Өтінімдер 2024 жылдың 13 қыркүйек сағат 16:00-ге дейін қабылданады.
The International Collegiate Programming Contest (ICPC) — бұл бағдарламалау бойынша студенттердің әлем чемпионаты, 1970 жылдан бері өткізіліп келе жатқан студенттер арасындағы әлемдегі ең беделді командалық бағдарламалау жарысы. Байқауға қатысушылардың негізгі мақсаты – алгоритмдік есептерді кодтың көмегімен, шектеулі уақыт ішінде ең аз мөлшердегі қателіктер мен қате әрекеттермен шешу. Жыл сайын ICPC-ке 110 ел мен 6 континенттен 59 000-ға дейін қатысушы қатысады. ICPC финалистері әлемдегі жетекші IT-компаниялардан жұмыс ұсыныстарын алады.
Қазақстанның Спорттық бағдарламалау федерациясының бас серіктесі – «Freedom Шапағат» корпоративтік қорының қолдауымен Freedom Holding Corp. ICPC World Finals 2024 демеушілері – Huawei, JetBrains.