Спорттық бағдарламалау Федерациясының Қызылорда облысындағы өкілдігі ресми түрде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің базасында тіркелгенін қуана хабарлаймыз!

Айдос Нұрмаш өкілдіктің жетекшісі болып тағайындалды. Айдос жаттықтырушылық қызметін 2016-жылы бастады және содан бері спорттық бағдарламалауды белсенді түрде дамытып келеді. 2019-жылдан бастап, ол AITU-да командаларды жаттықтыра бастады, қазір информатика пәнінен сабақ береді, сонымен бірге, БИЛ Қызылорда оқушылары мен экожүйені дамыту жобасы бойынша Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттерін жаттықтырады. Айдос халықаралық олимпиадалардың жүлдегері, сондай-ақ республикалық және халықаралық жарыстардың қазылар алқасының мүшесі болып табылады.

Алда бізді Қызылорда облысында студенттер мен оқушылар арасында спорттық бағдарламалауды қолдауға және насихаттауға бағытталған қызықты іс-шаралар күтіп тұр!

Спорттық бағдарламалаудың болашағын бірге құрайық!