
26 қаңтарда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапары аясында Қостанай облысындағы Спорттық бағдарламалау федерациясының өкілдігінде болып, информатикадан олимпиада қатысушыларымен кездесуi өтті!
⠀
Өкілдіктің басшысы, Андрей Иващенко, спорттық бағдарламалауды дамытудың мақсаттары мен жоспарларымен таныстырды.
⠀
Спорттық бағдарламалау алгоритмдік ойлауды дамытуға ықпал етеді және бұл бағдарламалаушылар үшін ең маңызды құзырет. Біздің қызметіміз IT мамандарын дайындаудың тартымды орталығына айналып, экономиканың жеке саласына айналуы мүмкін.
⠀
Біз халықаралық жарыстарда еліміздің нәтижелерін жақсартуды жоспарлап отырмыз. Атап айтқанда, биыл Астанада спорттық бағдарламалаудан әлем чемпионатының финалы өтеді.