Біз Қостанай облысындағы спорттық бағдарламалау Федерациясының өкілдігін тіркеу туралы қуана хабарлаймыз!

Федерацияның аймақтағы өкілі - Иващенко Андрей Александрович. Андрей Александрович 14 жыл бойы спорттық бағдарламалауды дамытуға белсенді қатысып, студенттер мен оқушыларды жарыстарға дайындап келеді. Осы уақыт ішінде оның оқушылары Республикалық оқушылар олимпиадасының финалында 12 медаль жеңіп алды.

Өкілдік А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің негізінде тіркелген. Андрей Александрович осы университетте спорттық бағдарламалау экожүйесін дамыту жобасының жаттықтырушысы.

Біз "Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасы" ММ-не біздің өкілдігімізді ашуға қолдау көрсеткені үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!