16-қаңтарда Қарағанды облысында спорттық бағдарламалау Федерациясының өкілдігі ресми түрде тіркелді.

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қолданбалы математика және информатика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Мұратхан Райханның жетекшілігімен, спорттық бағдарламалауды дамытуға және насихаттауға бағытталған түрлі іс-шаралар мен жарыстар жоспарлануда.

Мұратхан Райхан осы университеттегі олимпиадалық бағдарламалау командаларының жетекшісі. Оның басшылығымен командалар бірнеше рет спорттық бағдарламалау бойынша әлем чемпионатының 1/2 финалына қатысты. Райхан сонымен қатар оқушылар арасында информатика бойынша облыстық ғылыми жобалар мен олимпиадалардың қазылар алқасының төрағасы болып табылады.

Біз өкілдікке көптеген табысты жарыстар мен спорттық бағдарламалау әлемінде жаңа шыңдарға жетуді тілейміз!