
Бүгін, 2023 жылдың 13 қыркүйегінде Грузияда информатика бойынша VII Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасы аяқталды!
🇰🇿Біздің еліміздің атынан төрт қатысушы қатысып, барлығы жүлделі орындарға ие болды:
Мансұр Мамадахунов-алтын медаль
Сұңғат Серікбай-күміс медаль
Әлем Аменов-күміс медаль
Әлішер Алдамжаров-қола медаль
Біз бұл нәтижеге өте қуаныштымыз және жас қатысушыларымызды мақтан тұтамыз! Қазақстан құрамасын лайықты жеңісімен құттықтаймыз және оларға олимпиадалық бағдарламалаудың биіктерін одан әрі бағындыруды тілейміз!