• slide
  • slide

Университет ректорымен келіссөздер жүргізілді, онда ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Ал студенттермен ұйымдастырылған кездесуде спорттық бағдарламалаудың маңыздылығы және оның қазіргі әлемдегі рөлі туралы айтылды.

Қазір университетпен белсенді ынтымақтастық жоспарлануда, оған қоса, Атырау облысында спорттық бағдарламалауды дамытуға және насихаттауға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Біз дағдыларды кеңейту және осы салада жаңа биіктерге жету үшін қосымша білім беру бағдарламаларын әзірлеп, жүзеге асыратын боламыз. Ал өткізілуге жоспарланған аймақтық жарыстар спорттық бағдарламалау әлеміне жаңа серпін әкелетініне сенімдіміз.

Өкілдіктің ашылуы біздің ортақ мақсатымыз — спорттық бағдарламалауды дамыту және дарынды бағдарламашылардың жаңа буынын даярлау үшін маңызды қадам болатыны сөзсіз!