Сіздерді «Шағын қалалар мен ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларын оқыту» жобасының еріктілерімен таныстырғымыз келеді!
Біздің еріктілер – жоғары сынып оқушылары, олар өздері спорттық бағдарламалауда жетістікке жетіп қана қоймай, сонымен қатар спорттық бағдарламалауды бастаған мектеп оқушыларын қазақ тілінде оқытуға көмектеседі.

Олардың әрқайсысы біздің жоба үшін нағыз олжа, бізде осындай қамқор, дарынды жастар бар екенін мақтан тұтамыз. Олардың жұмысы мен ынта-ықыласы спорттық бағдарламалаудың дамуына үлес қосады, біз еріктілерімізге көмектері үшін алғыс айтамыз!

Нурмырза Байжанов, БИЛ, 11 сынып, Астана
- Мен ZHO, info1cup, Еуразиялық олимпиада сияқты бірнеше халықаралық олимпиадалардың жүлдегерімін. Мен басқа аймақтардағы балалар
мен студенттерге өздерінің қажырлы еңбектерін көрсетуге мүмкіндік беру үшін Федерацияға олимпиадаларды өткізуге көмектескім келді. Олимпиадаға дайындалу ушин сізбен бірге тақырыптарды түсіндіре алатын және кері байланыс беретін тренер болу керек.

Наметов Абдумажит, НЗМ ФМБ, 11 сынып, Талдыкорған
- Мені ата-аналырым "басқаларға көмек көрсете біл" деп үйрететін. 10 сыныпта "hour of code" атты жобада ерікті ретінде бағдарламалау сабақтарын өткізгенмін. Осындай тәжірибеден кейінгі менің қойнымда қалған ерекше сезім мен ғылымды оқу ғана емес оны үйретуге деген көзімдегі сөнбес жалынмен спорттық бағдарламалау Федерациясының осындай ауқымды және туған елде өшірілмес ізін қалдыратын жоба туралы білгенде бұлжытпастан ерікті болуға тіркелдім.

Ертайұлы Еларыс, НЗМ ФМБ, 11 сынып, Астана
- Мен спорттық бағдарламалаумен 3 жыл бойы айналысып келемін. Болашақта командалық ICPC олимпиадасына қатысқым келеді. Сондықтан, есептерді түсіндіру дағдыларымды жақсарту үшін және Федерацияға спорттық бағдарламалауды дамыту үшин ерікті болуға шештім.

Жаңаберген Абдуррошид, БИЛ, 11 сынып, Жезқазған
- Мен 7 сыныптан спорттық бағдарламалаумен айлалысып келемін және сол кезден бері республикалық және халықаралық олимпиадалардан жүлделі орындарға қол жеткіздім. Осы салада Федерацияның рөлі өсіп келе жатыр және бұл ұйым еліміздің барлық оқушыларын осы салаға қызықтырғысы келіп, барлығына бірдей мүмкіншіліктер беруде. Менде осы ұйымның бір мүшесі болып, еліме бір пайдам тисін деп ерікті болған едім.