Түркістан облысындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде спорттық бағдарламалау федерациясының өкілдігінің ашылғанын қуана хабарлаймыз.

Біздің университеттердегі экожүйені дамыту жобасы студенттер арасында спорттық бағдарламалауды кеңінен насихаттауға бағытталған. Қолдау көрсеткен Қожа Ахмет Ясауи университетіне үлкен алғысымызды білдіреміз!

4 ақпанда университет студенттері арасында бағдарламалау олимпиадаларына дайындық және дайындыққа қатысу үшін іріктеу кезеңі күтілетінін атап өткіміз келеді.

Өкілдікке «Компьютерлік инженерия» кафедрасының магистр - оқытушысы, «Developers Club» негізін қалаушы, 2013, 2014, 2015 жж. ICPC байқауларының қатысушысы Ерлан Сердалиев жетекшілік етті. 2023 жылдан бастап бағдарламалау жарыстарына қатысатын командалардың жаттықтырушысы.

Түркістан облысында спорттық бағдарламаның дамуына бірге қолдау көрсетейік!