Федерация 26 шілде мен 6 тамыз аралығында Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері үшін спорттық бағдарламалау бойынша оқу-жаттығу жиындарын өткізуді жоспарлап отыр. Жиын барысында үш дивизион құрылады, олардың әрқайсысы бірегей мүмкіндіктер ұсынады.

Бірінші дивизион:
Бірінші дивизионда 2022 және 2023 жылдардағы ICPC финалистері оқиды, олар қараша айында Шарм-Эль-Шейхте өтетін жарысқа дайындала алады.

Екінші дивизион:
Екінші дивизион Қазақстан Республикасы Чемпионатының екі турының нәтижелері бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындарынан шыққан ең талантты және ынталы студенттерді оқыту алаңына айналмақшы.

Үшінші дивизион:
Үшінші дивизион өңірлік жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Бұл іс-шараға қатысуға, мықты ойыншылармен араласуға және тәжірибелі мамандардан жаңа білім алуға тамаша мүмкіндік! Үшінші дивизионға іріктеуге тіркелу жақын арада ашылады.

Жиын Astana it University негізінде өтеді, онда тамаша инфрақұрылым және оқу үшін қолайлы жағдайлар ұсынылады. Университеттің жатақханасында тұру қамтамасыз етіледі, ал тамақтану мен оқыту ғимараттың өзінде жүргізіледі.