16-қазанда Федерацияның Солтүстік Қазақстан өңіріндегі өкілдігі ашылды!

Өкілдік Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің негізінде тіркелген. Біз өңірде спорттық бағдарламалауды дамытуға және насихаттауға бағытталған түрлі іс-шаралар мен жарыстар өткізуді жоспарлап отырмыз.

Мельников Виталий Николаевич, өңірдегі Федерация өкілі, Петропавл қ. ХБН НЗМ-нің 13 жылдық педагогикалық тәжірибесі бар информатика пәнінің мұғалімі. Ол робототехника және әр түрлі деңгейдегі бағдарламалау жарыстарының, соның ішінде республикалық деңгейдегі жүлдегерлерді даярлауда еңбек сіңірген. Виталий Николаевич 2022 жылы Microsoft корпорациясының Халықаралық қыздар Хакатонында 1-орын алған команданың жетекшісі. Ол сондай-ақ 2018 жылғы оқытушыларға арналған Яндекс.Лицей жобасының конкурстық іріктеуінің жеңімпазы.

Біз Назарбаев Зияткерлік мектебіне өңірде спорттық бағдарламалауды дамыту бойынша жұмыс істеуге дайындығы үшін үлкен алғысымызды білдіреміз!