• slide

26 мамыр спорттық бағдарламалау Федерациясы, Alikhan Bokeikhan University және "Abai IT-Valley" технологиялық кластері арасында өзара ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылған маңызды күн болды.

Сонымен қатар, Alikhan Bokeikhan University өңірлік жоғары оқу орындарында спорттық бағдарламалау экожүйесін дамыту жобасына қосылғанын атап өткіміз келеді. Бұл студенттерге спорттық бағдарламалаудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.

Осы өкілдік шеңберінде біз университетпен белсенді ынтымақтастықты, спорттық бағдарламалауды дамытуға және танымал етуге ықпал ететін түрлі іс-шаралар мен жарыстарды ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, Федерация студенттерді республикалық және халықаралық жарыстарға дайындайтын жаттықтырушыны қамтамасыз етеді.

Біздің серіктестігіміз спорттық бағдарламалауды дамытуға және қолдауға ұмтылуымыздағы маңызды қадам болып табылады.

    Leave a Reply

    Your email address will not be published.

    Comment

    Name

    Email

    Url