Құрметті мектеп оқушылары, сіздерді 2024 жылдың 18 қыркүйегінде ICPC World Finals 2024 Astana экскурсиясына қатысуға шақырамыз!
ICPC – әлемдегі ең беделді спорттық бағдарламалау жарыстарының бірі! ICPC университет студенттеріне кәсіби өсу, халықаралық жобаларға қатысу және әлемнің жетекші компанияларының назарын аудару үшін бірегей мүмкіндіктер береді.
Мұнда сіз:
IT саласындағы болашақ пен қазіргі әлемдік жұлдыздарды өз көзіңізбен көресіз;
Аланмен танысып, бәсекелестік рухын сезінесіз.
Экскурсияға қатысу үшін:
• 7-12 сынып оқушысы болыңыз;
• 01.09.2024 дейін экскурсияға тіркеліңіз;
• 08.09.2024 дейін электрондық поштаңызға жіберілген хатқа жауап беру арқылы қатысуыңызды растаңыз.
Назар аударыңыз!
• Егер сіз волонтер ретінде тіркелген болсаңыз, қайта тіркелудің қажеті жоқ;
• Сайтқа тек мектеп оқушылары ғана кіре алады;
• Барлық байланыстар admin@cpfed.kz электрондық поштасы арқылы жүзеге асырылады;
• 18.09.2014 мектеп күні екенін ескеріңіз. Экскурсияға шақыру хаттары тіркеу кезінде көрсеткен мектеп электрондық пошталарына жіберіледі.
Сілтеме арқылы тіркеліңіз: https://forms.gle/xTgn2KEozzE7Xn76A
Орындар саны шектеулі, ең үлкен IT байқауына қатысуға асығыңыз!