Мансур Мамадахунов, С.Шаухаманов атындағы Қызылорда облыстық №9 дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы, информатикадан Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасының (EJOI) Даңқ Залының тізімінде көш бастады!

EJOI Даңқ Залы — ең жоғары нәтижелерге ие қатысушылардың тізімі. Даңқ Залына олимпиадада айтарлықтай жетістіктерге жеткен, мысалы, бірнеше рет медаль алған және ерекше нәтиже көрсеткендер кіреді. Бұл мәртебе олардың спорттық бағдарламалау саласындағы шеберлігін, табандылығын және көрнекті қабілетін мойындаудың көрінісі болып табылады. Даңқ Залында қатысушылар медальдар санына қарай бөлінеді, ең көп алтын алғаны ең биік тұғырға көтеріледі. Естеріңізге сала кетейік, Мансур сонымен қатар EJOI 2023 алтын және EJOI 2022 күміс медаль жеңіп алған болатын.

Мансұрды бұдан да биік белестер күтіп тұрғанына және оның үлгісі еліміздің барлық жас спорттық бағдарламашыларына шабыт беретініне сенеміз!

EJOI Даңқ Залына сілтеме: https://olympiads.jsoft.am/Participants/HallOfFame