• slide
  • slide
  • slide

26-қарашада топтар арасындағы жарыс - CPFED Ecosystem Contest басталды!

Өзінің бағдарламалау дағдыларын лайықты көрсеткен Малыгин Андрей өткен жарыста жеңімпаз атанды. Андрей А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің 1-курс студенті. Ол соңғы екі жылын бағдарламалауға арнап, қазіргі уақытта жаттықтырушы Андрей Александровичтің жетекшілігімен экожүйені дамыту жобасының сабақтарына белсене қатысады.

Оны Booking.com, Amsterdam -дағы Senior Engineering Manager, Илья Сидоровичпен жеке кеңесу, сонымен бірге IT компанияларға дайындық және сұхбаттасу бойынша жеке даму жоспарын әзірлеу мүмкіндігі күтеді.

CPFED Ecosystem Contest ай сайын қатысушыларды ынталандыру және жұмыс нәтижелерін көрсету үшін өткізілетін болады. Жарысқа өңірлік жоғары оқу орындарында экожүйені дамыту жобасына қатысатын Қазақстан университеттерінің студенттері қатыса алады. Әр қатысушының жарыста тек бір рет жеңіске жету мүмкіндігі бар.

Барлы жаңалықтар мен қатысушылардың жетістіктерін бізбен бірге қадағалап отырыңыздар!