Екі жыл бұрын Қазақстанда спорттық бағдарламалау туралы тек санаулы адам білетін. Бүгінде біздің Федерациямыздың арқасында бұл бағыт қарқынды дамып, IT, білім, ғылым және спортты тоғыстыратын маңызды салаға айналуда.
Спорттық бағдарламалау – бұл жай ғана жарыс емес, ол негізгі қабілеттерді дамытуға арналған мықты құрал: бағдарламалау, күрделі мәселелерді шешу және әртүрлі салаларда табысты кәсіби қызметке дайындық.
Біздің басты мақсатымыз – спорттық бағдарламалауды әрбір адамға қолжетімді ету. Біз:
• Бастауыш деңгейден чемпиондыққа дейінгі жол қалыптасатын біртұтас жүйе құрамыз.
• Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі мектеп оқушылары мен студенттерді оқытамыз.
• ІТ-дің алдыңғы қатарлы компанияларымен бірге оқу-жаттығу жиындарын өткіземіз.
• Информатика пәнінің мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға жағдай жасап, білімнің қолжетімділігін кеңейтеміз.
• IT саласында қазақ тілін дамыту үшін оқу материалдарын әзірлейміз.
• Бұл бағыттағы алғашқы қадамдарын қолдау мақсатында қыздарға арналған іс-шаралар ұйымдастырамыз.
• Республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстар өткіземіз.
Жас ұйым болсақ та, біз ICPC 2024 Әлем чемпионатының финалын ұйымдастырып, спорттық бағдарламалау тарихына өз атымызды жаздық. Ал бұл – тек бастамасы. Біз әр адамның дамуға ұмтылысы қолдау тауып, білімге, жаттығуларға және өсу мүмкіндіктеріне еркін қол жеткізетін болашақты қалыптастырып жатырмыз.
Федерациямыздың туған күні құтты болсын!