Біз сіздермен маңызды жаңалықтармен бөлісуге қуаныштымыз: Спорттық бағдарламалау Федерациясының өкілдігі Алматы қаласында тіркелді!
Өкілдіктің басшысы болып Әлімжан Аманов тағайындалды. Әлімжан - Халықаралық олимпиадалардың қатысушысы, көптеген жүлделі орындардың иегері және Федерация Президиумының белсенді мүшесі. Ол өзінің педагогикалық қызметін 2015-жылдан бастап ҚБТУ-да оқушыларды оқытудан бастады. ICPC бойынша жаттықтырумен 2018-19 жылдар аралығында айналысты және 6 жылдан бері Қазақстанда ICPC жартылай финалын өткізіп келеді.
Біз спорттық бағдарламалауды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталғанбыз. Сондай-ақ, оңтүстік астанада спорттық бағдарламалау бойынша қызықты іс-шаралар мен жарыстар өткізуді және белсенді ынтымақтастықты жоспарлап отырмыз.