• slide
  • slide
  • slide
  • slide
  • slide
  • slide
  • slide
  • slide
  • slide

5-қарашада Қазақстанда бағдарламалау бойынша Халықаралық Чемпионаттың (ICPC) ширек финалы өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген студенттер күрделі есептерді шешуде өз қабілеттерін көрсете отырып, сегіз алаңда бақ сынасты.

Сізге әр алаң бойынша ширек финал жеңімпаздарының тізімін ұсынамыз. Бұл дарынды жас бағдарламашылар жарыста үздік нәтиже көрсетіп, I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды

Сондай-ақ, кем дегенде 2 есептен шешкен әр ЖОО-дан топ-4 команда жартылай финалға өткендігімен бөліскіміз келеді. ҚБТУ, AITU және ХАТУ-дан жартылай финалға топ-5 командадан өтті.

Барлық қатысушыларды құттықтаймыз және Астана қаласында өтетін жартылай финалды асыға күтеміз! Барлығына сәттілік тілейміз