• slide
  • slide
  • slide

2023 жылғы 25 мамырда Федерация Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен «Спорттық бағдарламалау федерациясы» РҚБ аймақтық өкілдігін құру туралы меморандумға қол қойды.

Өкілдік Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті (ШҚТУ) негізінде ашылады. Аймақта спорттық бағдарламалауды насихаттауға және дамытуға, сондай-ақ студенттерге арналған қосымша білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға бағытталған түрлі іс-шараларды бірлесіп өткізу жоспарланады.

Бұған қоса, ШҚТУ аймақтық жоғары оқу орындарында спорттық бағдарламалау экожүйесін дамыту жобасына өтті, бұл Федерацияның студенттерді республикалық және халықаралық жарыстарға дайындау үшін жаттықтырушы бөлетінін білдіреді.

Федерация білім беру ұйымдарында спорттық бағдарламалауды дамыту, жарыстарға қатысу мақсатында құрама командаларды жасақтау және дайындау үшін қолайлы жағдай жасауға ұмтылады.


Leave a Reply

Your email address will not be published.

Comment

Name

Email

Url