EGOI бұл халықаралық спорттық бағдарламалау жарысы. Олимпиада IOI ережелері мен форматы бойынша өтеді.IT саласында талантты және ынталы әйелдер болғанына қарамастан, әлемде информатика олимпиадаларына қатысушы қыздардың саны аз. EGOI олимпиадасы информатика саласындағы гендерлік алшақтықты жоюға және қыздарды компьютерлік ғылымға деген қызығушылықтарын дамытуға шабыттандыруға арналған. Биыл EGOI - ге 60-қа жуық ел қатысады деп күтілуде. Freedom broker Қазақстан құрамасының демеушісі, ал спорттық бағдарламалау Федерациясы Қазақстан командасының жарысқа қатысуын ұйымдастырушы болды.

Қазақстан құрамасының құрамы:

Айпанова Ясмин, Ақтөбе
Сагаитова Амина, Ақтөбе
Исхакова Даяна, Алматы
Бахытжан Асемай, Қызылорда