CPFED Uzdik IT Ustaz турнирінің екінші периоды!
⠀
Бірінші іріктеу кезеңі — 29 қаңтар
Уақыты: 16:00
Ұзақтығы: 2 сағат
Тіркеу контест басталғанға дейін ашық. Сілтеме: auth.cpfed.kz
⠀
Назар аударыңыз:
⠀
• auth.cpfed.kz платформасында аккаунтыңыз болуы керек. Егер сіз Чемпионаттың алғашқы кезеңіне қатысқан болсаңыз, қайта тіркелудің қажеті жоқ. Егер аккаунтыңыз жоқ болса, тіркеліңіз.
• auth.cpfed.kz сайтына кірген соң, “Uzdik IT Ustaz” бөлімінен “Контестке тіркелу” батырмасын басып, тіркеу мәліметтерін толтырыңыз.
⠀
Мұғалімдерге арналған сынақ кезеңі 28 қаңтарда сағат 9:00-ден 23:59-ға дейін өтеді. Алдын ала дайындалып, турнир форматын біліп алыңыз. Сізді іріктеу кезеңінде күтеміз!