Сынақ кезеңі не үшін қажет?
✔️ Жаңартылған тіркеу және кіру жүйесімен алдын ала танысуға мүмкіндік;
✔️ Турнир басталғанға дейін техникалық мәселелерді шешуге мүмкіндік.
Қатысу тәртібі:
1. auth.cpfed.kz сайтына кіріп, өз аккаунтыңызбен жүйеге кіріңіз (егер аккауныңыз болмаса, жаңасын тіркеңіз);
2. Басты беттің төменгі жағында орналасқан Uzdik IT Ustaz іріктеу кезеңіне тіркеліңіз;
3. 28 қаңтар күні сағат 9:00-ден 23:59-ға дейін сайттың басты бетінде “Сынақ кезеңі” батырмасы белсенді болады. Сол арқылы контестке қатыса аласыз.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!